Қазақстанның бірқатар өңірінде мектептерде сабақ болмайды

13 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде бірінші ауысым қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарағанды қаласы білім бөлімінің мәліметінше, бірінші және екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды. 5-11 сынып штаттық режимде сабаққа барады. Сонымен қатар, оқушылардың ата-аналарына ауа райы қолайсыз болған жағдайда, мектептің қашықтығын ескере отырып, ата-аналар сынып жетекшісіне өз шешімі туралы ескертіп, баланың мектепке баруы туралы өз бетінше шешім қабылдай алатынын еске салды.
Абай облысының әкімдігінде хабарлағандай, Семей қаласы мен Үржар ауданындағы бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары, Аягөз, Бесқарағай, Ақсуат аудандарының, Курчатов қаласының 1-11 сынып оқушылары, Бесқарағай, Аягөз, Жарма, Көкпекті, Бородулиха, Ақсуат аудандарындағы 1-11 сынып оқушылары; Абай ауданындағы 1-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді.
Noks.kz хабарлауынша, аязға байланысты бірінші ауысымдағы сабақтар Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданы мен қалаларында қашықтан оқыту форматына ауыстырылады:
Күршім ауданында (Алғабас, Тоскаин, Қалжыр мектептері, №1 Марқакөл мектебі, Марқакөл ШИК, Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия, Қаратоғай орта мектебі), Глубокое ауданы (Веселов орта мектебі), Қатонқарағай ауданы (Ластаев, Рыков) 0-11 сыныпқа дейін;
Күршім ауданында (Ақжайлау, Үшбұлақ, Бірлік, Урунхай, Барақ батыр, Жаңауыл мектептері, Күршім № 1, 4, 5, 3 орта мектептері, Ақсуат, Шеңгелді, Қайыңды, Тақыр, Ақбұлақ мектептері) 0-9 сыныпқа дейін;
Күршім ауданында (Жолнұсқау, Жиделі, Күйген, Монықой, Шанағат, Қарашілік, Қазақстан мектептері), Қатонқарағай ауданында (Шыңғыстай, Барлық, Аршаты, Аққайнар, Өрел, Қабырға ауылдары) 0-4 сынып аралығында;
Самар ауданында (Самара №1 орта мектеп, Ж. Болғанбаев атындағы орта мектеп-лицейі, Самар бастауыш мектебі) 0-ден 4-сыныпқа дейін.
Бұған дейін хабарланғандай, 13 қаңтарда Алматыда барлық оқушылар, колледждердің бірінші және екінші курс студенттері қашықтан оқытуға көшеді.