Госорганы
Қазақстанның бес қаласында 18-25 жастағы қыздар web-сam арқылы үш млрд теңге тапқан
Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті трансұлттық деңгейде 18-25 жас аралығындағы қыздарды web-сam арқылы интимді қызмет көрсетуге итермелеген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 адамы Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында жұмыс істеген. Қылмыстық топтың ішінде Қазақстан мен жақын шетелдердің азаматтары болған.
«Олар модельдік агенттіктің атын жамылып, web-сam арқылы интимдік сипаттағы материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан. Қылмыстық бизнеске Қазақстанның 18-25 жас аралығындағы қыздар тартылған. Қылмыстық топтың ақша айналымы үш миллиард теңгеден асқандығы анықталды», — деп хабарлайды полиция.