Главное

Қазақстанға Жапония премьер-министрі ресми сапармен келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Ақорданың мәліметінше 9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия мен Жапония» диалогының бірінші саммиті өтеді.

Ал 10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін  Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті Астана келіп, Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алған еді.

Другие новости

Back to top button