Социум

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда еш өзгермеген

2023 жылдың үшінші тоқсанында халықтың орташа жалақысы 350 542 теңге болды. Шағын кәсіпорындар бұл тізімге енбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

«2022 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 16,9% болды, нақты мәнде 3,5%-ға өсті. Жалақының медианалық мәні (еңбекақы сериясының орталық деңгейі) 2023 жылдың үшінші тоқсанында 243 924 теңгені құрады», — делінген хабарламада.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыратын болсақ, орташа айлық жалақының ең көп өсімі ақпарат және байланыс салаларында – 28,8%, қаржы және сақтандыру қызметінде – 24,9%,  өнер, ойын-сауық және демалыс саласында – 20,7% болғаны байқалады. Білім беру саласында орташа айлық жалақының өсімі 11%-ды,  денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 18,2%-ды құрады.

Егер елді мекендерді алатын болсақ, ең жоғары өсім Жетісу облысында – 21,1%, ең азы – Алматы облысында – 8,5%. Өңірлер арасындағы ең жоғары және ең төменгі мәндердің арақатынасы 2,4 есе болды.

DATA HUB мәліметтері бойынша, орташа тоқсандық бағам бойынша 350 542 теңгені долларға айырбастасаңыз, 770 доллар аласыз.

Бұл шамамен 10 жыл бұрын, 2013 жылдың шілдесінмен салыстырғанда — 739 доллар.

Другие новости

Back to top button