Госорганы

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарды – Ажар Ғиният

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2022 жылы халықтың өмір сүру жаcы ұзарғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Министр президент тапсырмасын орындау үшін кешенді жұмыс жүргізілгенін айтты.

«Халықтың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсарды. Былтыр 11 айда халықтың жалпы өлім-жітімі 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға (29,7%) төмендеді. Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 34%-ға (33,7%), обыр 8%-ға (8,3%), тыныс алу ауруларынан болатын өлім-жітім 1,7 есе және туберкулезден болатын өлім-жітім 12,5%-ға қысқарды», – деді Ғиният министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, былтыр аналар өлімі 3 есеге (2021 жылы 185 дерек, 2022 жылы 57 дерек), ал нәресте өлімі 3%-ға төмендеген.

«Жылдық ресми статистика қорытындысы бойынша өңірлердің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері мен кемшіліктері министрліктің келесі алқа отырысында қаралады», –  деді министр.

Другие новости

Back to top button