Ақша

Қазақстандықтардың 70%-дан астамы орташадан төмен жалақы алады

Елде жалақысы номиналды деңгейге жетпейтін қазақстандықтар саны көбейе түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Finprom.kz порталына сілтеме жасап.

2,4 МЛН ЖҰМЫСШЫ АЙЫНА 403 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АЗ АЛАДЫ

Жалдамалы жұмысшылардың 70%-дан астамы 2024 жылғы ІІ тоқсан қорытындысы бойынша белгіленген 403 мың теңгеден төмен алады. Өткен жылы бұл 69,2% болған.

Портал дерегінше, 3,4 млн жұмысшының 2,4 млн-ға жуығы айына 403 мың теңгеден аз табыс табады. Оның 1,5 млн-ға жуығы айына 250 мың теңгеге дейін жалақы алады.

Жалақысы 1 млн теңгеден асатын қызметкерлердің үлес салмағы небәрі 3,3% – 112 мыңнан сәл асады. Олар негізінен қаржы, сақтандыру саласының және IT-сектордың қызметкерлері.

АРАДАҒЫ АЛШАҚТЫҚ

“Ұлттық статистика бюросының көпжылдық есептері бойынша біз соңғы жылдары елде номиналды, медианалық және модальды жалақы қалай өзгергенін бақыладық. 2019 жылдан 2024 жылға дейін жыл сайын барлық үш көрсеткіш өскен, бірақ олардың арасында қдайы айтарлықтай айырмашылық болды. Мысалы, осы жылдың екінші тоқсанында номиналды жалақы 403,3 мың теңгені құраса, медиандық жалақы одан 29,2%-ға (285,7 мың теңге), ал модальдық жалақы 4 есе (97,6 мың теңге) аз болды.

ҚАЙДА ЖОҒАРЫ, ҚАЙДА ТӨМЕН

2024 жылы модальдық жалақының ең жоғары деңгейі мұнай өндіру және карьер қазу (372,6 мың тг), электрмен жабдықтау (297,7 мың тг), көлік және логистика (297,7 мың тг) салаларында жұмыс істейтіндерде байқалған. Модальдік жалақының ең төмен көрсеткіштері әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (82,8 мың тг), көтерме және бөлшек сауда (82,8 мың тг), өнер, ойын-сауық және демалыс (95,5 мың тг) салаларында тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, медиандық жалақы – бұл «орташа» деңгейге жақын көрсеткіш, мұнда қызметкерлердің 50%-ы осыдан төмен, 50%-ы жоғары жалақы алады. Модальдық жалақы –есептелген ең көп таралған жалақы.

Бүгін вице-премьер Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің “аймақтарда 600 мың теңге жалақыға адамдар барғысы келмейді” деген даулы мәлімдемесіне түсінік берген.

Другие новости

Back to top button