Госорганы

Қазақстандықтарды алдап, қаржысын жымқырған шетелдік call-орталықтар жойылды

Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтады. Министрліктің қызметкерлері қызметтік іссапар барысында Украина Ұлттық полициясымен және Чехия полициясымен бірлесіп, интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылды. «Барлығы 9 адам ұсталды.

Сонымен бірге Одесса қаласында үш алаяқтық call-орталық таратылды. Қаскөйлер жалған инвестициялық компанияларға қаржы салу сылтауымен интернет-алаяқтық жасаған. Мұнда 23 адам ұсталды. 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ ресми өкілі қазіргі уақытта тергеу және жедел-іздестіру амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button