Госорганы

Қазақстандықтардан жаппай саусақ ізі алынады ма?- ІІМ жауап берді

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев «қазақстандықтардан жаппай саусақ ізі алынады» деген ақпаратқа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Вице-министр келесі жылдың 1қаңтарынан бастап заң күшіне енгеннен кейін де ел азаматтары саусақ іздерін түсіртуге міндетті еместігін мәлімдеді.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтан жаппай саусақ ізі алынбайды. Жалпы заң 2016 жылы саусақ ізін тіркеу туралы қабылданды. Қазақстан ойлап тауып отырған жаңа ештеңе емес. Мұндай жүйе көп елде, оның ішінде жетекші елдерде де бар», — деді Марат Қожаев.

Аталған заң 2024 жылдың 1қаңтарынан бастап күшіне енеді.

«Бұл баршаңыз саусақ ізін түсіртуге барасыздар деген сөз емес. Қажеттілігіне қарай, мысалы, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың мерзімі аяқталғанда барасыз. Құжаттандыру жүйесі еш өзгермейді. Оның үстіне жеке құжатыңызға саусақ ізі түріндегі қосымша қорғаныш тетігі енгізіледі», — деді вице-министр.

 

Другие новости

Back to top button