ГлавноеГосорганы

Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды – Үкімет басшысы

Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Осылай деп мәлімдеген үкімет басшысы Әлихан Смайылов егін науқанының қорытындыларын жариялады. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Смайылов биыл егіншілер үшін ауыр жыл болғанын атап өтті. Құрғақшылық салдарынан егін алқаптарының зардап шекенін айтты.

«Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті. Одан кейін тамыздан бастап осы күнге дейін үздіксіз жауған жауын-шашын астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді. Қолайсыз ауа-райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ке жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда, қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды”,-деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр атап өткендей, өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті.

“Біздің фермерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, әділ сатып алу бағасы белгіленді. Айыппұл санкцияларын қолданбай, несиелер мен қарыздарды қайтару мерзімдері ұзартылды. Жеңілдетілген дизель отыны, оның ішінде астықты кептіру үшін қажетті отын көлемі бөлінді. Субсидияларды төлеу бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындау үшін шаралар қабылданып жатыр. Осылайша, өсімдік шаруашылығы бойынша алғашқы 30 млрд теңге субсидиялары бөлінді”, – деді ол.

Әлихан Смайлов бидайды тікелей сатып алу үшін тиісті қаржы бөлу туралы шешім қабылданғанын айтты.

“Ұн және нан өнімдері азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етілген. Дегенмен, өсімдік шаруашылығында кейбір маңызды мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай отыр”,- деді Смайылов.

Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдар заманауи суару технологияларын енгізу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмай жүр деп баға берді.

“Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік берген болар еді.Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек”, – деді Смайылов.

Другие новости

Back to top button