Главное

Қазақстандық зейнеткерлер мүгедектігі бар жұбайларына жеке көмекші бола алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші ұсыну ережелеріне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа өзгерістерге сәйкес келер жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен қазақстандықтар өздерінің мүгедектігі бар жұбайларына жеке көмекші бола алады.

Сонымен қатар бірінші топтағы мүгедектігі бар адам мен оның жеке көмекшісі бір елді мекенде тұруы міндетті болады.

Айта кетейік, Қазақстанда мүгедектік белгілеу рәсімін жеңілдету мақсатында пилоттық жоба іске қосылған еді. Ол аяқ-қолдың болмауы, Дауын синдромы және балалардағы мукополисахаридоз диагноздарына қатысты жағдайларды қамтиды.


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мүгедектікті анықтау тәртібі жеңілдейтінін жазған едік. Енді мүгедектік алу үшін адамның өзі комиссияға барып әуре болмайды. Арнайы тәуелсіз дәрігер-сарапшылар құжаттарды қашықтан, яғни сырттай қарайды. Жаңа тәсіл арқылы адамдар мен сарапшылар арасында тікелей байланыс болмайды, яғни пара беру сияқты жағдайлар азаяды. Мүгедектік белгіленсе, қажетті төлемдер мен көмек автоматты түрде тағайындалады.

Другие новости

Back to top button