Спорт

Қазақстандық шахматшы халықаралық жарыста жеңіске жетті

15 жастағы Алдияр Ансат Қазақстан Республикасының кубогы – Kazakhstan Chess Cup-тың бірінші бірінші кезеңінде жеңіске жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Kazakhstan Chess Cup 22-30 сәуір аралығында Астанада өтті. Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше Алдияр Ансат жарыста жеңіске жеткен.

«Тартысты өткен ойын барысында турнирдегі жеңіс 15 жастағы қазақстандық шахматшы Алдияр Ансатқа (FIDE рейтингі – 2317) бұйырды. Бәсекеде жас шахматшы кубокқа қатысқан бірқатар атақты гроссмейстерлерді жеңе білді. Турнир барысында Алдияр 7,5 ұпай жинады», – делінген хабарламада.

Екінші орынды Армения спортшысы Шант Саргсян иеленді. Үшінші орын украиналық Александр Моисеенкоға бұйырды.

«Әйелдер арасында бірінші орынды екі апта бұрын Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасының әлем әйелдер құрамасына қарсы өткен турнирінде өзін жарқын танытқан алматылық әйелдер арасындағы халықаралық шебер Алуа Нұрманова иеленді. Екінші орын шымкенттік Аяулым Қалдароваға бұйырса, үшінші орынға астаналық Әмина Қайырбекова тұрақтады», – деп қосты шахмат федерациясының өкілдері.

Другие новости

Back to top button