Бизнес

Қазақстандық сатып алушылар Ozon-да тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып ала алады

Ozon маркетплейсі Қазақстандық сатып алушылар үшін бөліп төлеу мүмкіндігін іске қосты. Ел тұрғындары платформада комиссиясыз және артық төлемсіз кейін төлеу арқылы мыңдаған тауарларды сатып ала алады.

Бөліп төлеуді жалпы құны 10 мыңнан 2 миллион теңгеге дейінгі бір немесе бірден бірнеше тауарға рәсімдеуге болады. Ол Қазақстанның 21 жастан асқан (кейбір жағдайларда 18 жастан асқан) азаматтары үшін қолжетімді. Қызметті алу үшін тапсырыс беру кезеңінде «Бөліп төлеу» әдісін таңдап, өзінің ЖСН көрсету керек.

Бүкіл процедура бірнеше минутты алады және онлайн режимінде өтеді. Өтінімді бірден төрт серіктес қаржы ұйымы — Halyk Bank, Home Credit Bank, Еуразиялық банк және Фридом Финанс Кредит МҚҰ қарайды, содан кейін сатып алушы алынған ұсыныстардың бірін таңдай алады. Банк тарапынан құжаттар онлайн қалыптастырылады, ал кредит шартына қол қою үшін sms-хабарламадағы кодты енгізу жеткілікті.

Бөліп төлеу арқылы сатып алу мүмкіндігі тауар картасында көрсетіледі. Бірінші кезеңде 12 айға бөліп төлеуге тапсырыс беру үшін бірнеше мыңдаған тауарлар қол жетімді. Кейін тауарлар тізімі кеңейетін болады, ал қарыз мерзімі 6 айдан 24 айға дейінгі аралықта болады. Жақын арада Қазақстанда өз тауарларын бөліп төлеуге сату мүмкіндігі барлық сатушыларда пайда болады. Сонымен қатар, сатып алушыларға арналған ұсыныстарды неғұрлым кеңірек ету үшін қаржылық серіктестер пулын көбейту жоспарлануда.

«Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, Қазақстандағы сатып алушылардың 60%-дан астамы үшін тауарларды бөліп төлеуге сатып алу мүмкіндігі маңызды. Мұндай қызметті іске қосу оларға өздерін және жақындарын, әсіресе жаңа жылдық мерекелердің алдында жағымды сатып алулармен жиі қуантуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Ал біздің елдегі сатушылар үшін бұл айналымды арттырудың тамаша мүмкіндігі, өйткені тапсырыстар саны өскен сайын олар көбірек сата алады», — деп түсіндірді Қазақстандағы Ozon бас директоры Мольдер Рысалиева.

_

 

Озон — дамыған логистикалық желісі бар көп санатты маркетплейс. Компания Армения, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Өзбекстанда бизнес жүргізеді. Алаңда 20-дан астам санаттағы: кітаптар мен киімдерден бастап азық-түлік пен денсаулық сақтау өнімдеріне дейін 250 миллионнан астам тауар ұсынылған. 42 миллион белсенді сатып алушы Ozon-ның дамыған логистикалық инфрақұрылымының көмегімен қазірдің өзінде тапсырыстарын алуда, ол 400 мың кәсіпкерге өз тауарларын Ресейде және ТМД елдерінде сатуға мүмкіндік береді. Ozon өзінің негізгі бизнесіне қосымша қызметтер жүйесін — fintech өнімдерін, Ozon fresh өнімдерін жылдам жеткізу қызметін, сондай-ақ Ozon Travel саяхаттарын сатып алу қызметін белсенді дамытуда.

 

Другие новости

Back to top button