Қазақстандық полицейлер шетелдік туристерден 1,5 млн теңге талап еткен

Ресейлік турист әйел Қазақстан полициясымен байланысты екі бірдей оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әйелдің айтуынша, алдымен полиция олардың достары отырған көлікті тоқтатқан.
– Қазақстанда полиция туристердің «қалтасына» қалай түседі? Қазақстанға келмей тұрып, мұнда полицияның ақша бопсалайтыны туралы білдік, абай болу керек деді. Біз сақтандыру жасадық, шамдарды ауыстырдық, бәріне дайын болдық. Бірақ мұндағыдай тікелей ақша талап етілетін жағдайға дайын болмадық. Бүгін бізді полиция тоқтатты, бұған дейін біздің достарымызды тоқтатқан болатын. Олардан арнайы құралға үрлеуді сұрады – кінә тағатындай ештеңе болмады. Бірақ әлдебір сиқырмен, ағзасында алкоголь болмағанына қарамастан, 0,17 промилле шықты, ол үшін бірден жүргізуші куәлігінен айырады. Кейін, әрине, әңгіме ақшаға тірелді – 1,5 млн теңге. Рубльге шаққанда шошисың, – дейді ол.
Одан кейін полиция тікелей өздерінің көлігін тоқтатқан.
– Кейін бізді де полиция тоқтатты. Вованы алып кетті, құжаттарын тартып алды, бәрін бардачокқа салды. Мен келіп, «Міне, сақтандыру, тағы не керек?» деймін. Сол кезде балалар камерамен шықты. Полиция қызметкерлері сескенді ме, ақыры бізді босатып жіберді. Ал Вованы сұрақтың астына алып қойған еді. Мәселе «қазақтар жаман» не «Қазақстан жаман» дегенде емес – ел өте керемет. Бірақ бөтен елде өзіңді қылмыскер сезіну жағымсыз екен, – деп қынжылады әйел.