Нур-Султан

Қазақстандық педагогтер оқушы бойында дұрыс тамақтану негіздерін құрудың үздік әдістерін бөлісті

Астанада «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасын іске асыратын бастауыш сынып педагогтері арасында жыл сайынғы республикалық әдістемелер байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының, Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының және «Нестле Қазақстан» қолдауымен ұйымдастырылды.

Жыл сайын бұл байқау мұғалімдерге оқушылардың бойында пайдалы әдеттерді тәрбиелеуге байланысты үздік тәжірибелерді ұсынуға, сондай-ақ басқа қалалардағы әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді. Байқау – 2013 жылдан бастап Астана және Алматы қалаларының мектептерінде іске асырылып келе жатқан және балалардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының ажырамас бөлігі.

Алайда биылғы іс-шараның ерекше маңызы бар – «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы өзінің 10 жылдығын атап өтіп жатыр. Сонымен қатар, конкурстың өзектілігі білім берудегі заманауи үрдістерге, оның ішінде оқыту практикасына инновациялық педагогикалық әдістемелерді енгізуге байланысты.

Байқауға оқытушылардың 50-ден аса үздік әрі жоғары кәсіби жұмыстары түсті. Байқауға қатысушылар бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтының негіздерімен, дұрыс тамақтанумен, сондай-ақ өз елінің аспаздық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстырудың қызықты және еліктіретін тәсілдерін таба алды.

«Елордалық педагогтер «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасымен жақсы таныс. Осы жылдар ішінде бұл бағдарлама мұғалімдерге тәлімгерлерінің бойында тамақтану мәдениетін тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан бағдарлама әдістерінің байқауы мұғалімдер арасында ерекше қызығушылық туғызды. Ол педагогтерге өзінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және әріптестерімен тәжірибе алмасуға көмектеседі, — деп атап өтті «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының үйлестірушісі, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскері Роза Шаяханова.

Байқау финалына оқушылардың бойында пайдалы әдеттерді қалыптастырудың ерекше әдістерін көрсеткен алты педагог шықты.

Қатысушылар сөз сөйлегеннен кейін орындар былайша бөлінді:

3-орын – Саида Имирова, Алматы қ. № 78 мектеп, Қалдығүл Атымтаева, Астана қ. №51 мектеп, Роза Арзекулова, Астана қ. №50 мектеп

2-орын – Әсемгүл Әубәкірова, №4 мектеп, Астана қ.

1-орын – Садида Ахметова, №105 мектеп, Алматы қ.

Бас жүлде — Камила Әбдіразақова, №119 мектеп, Алматы қ.

«Мен өз әдістемемде балаларда практикалық дағдыларды қалыптастыруға назар аударуға тырыстым, өйткені баланың дұрыс тамақтану ережелері туралы біліп қана қоймай, оларды іс жүзінде сақтауы өте маңызды. Байқау маған өз жұмысыма жаңа көзқараспен қарауға ғана емес, әрі қарай кәсіби өсудің жаңа жолдарын табуға көмектесті»,- деді Бас жүлде иегері Камила Әбдіразақова.

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы

«Салауатты тамақтану мектебі» қазақстандық бағдарламасы «Нестле» Дені сау балалар» жаһандық бастамасы аясында жүзеге асырылып келеді. Бастаманың мақсаты – 2030 жылға қарай дүние жүзіндегі 50 миллион балаға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» 2013 жылдан бастап Астана мен Алматы мектептерінде жұмыс істейді. Бағдарлама 6-8 жастағы балаларға бағытталған және мұғалімдер өткізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Қазақ тамақтану академиясымен және «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалының Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтымен бірлесіп әзірленді. Қазақстанда іске асыру барысында барлығы 60 000-ға жуық бала «Салауатты тамақтану мектебімен» танысты.

Nestle компаниясы туралы

Нестле — әлемдегі ең ірі тамақ және сусын компаниясы. Компания әлемнің 188 елінде бизнес жүргізеді. Оның бүкіл әлем бойынша қызметкерлерінің саны шамамен 275 мың адамға жетеді және олардың барлығы «Nestle» мақсатын қолдайды — өнімдердің пайдасын ашып, біз бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін әр баланың өмір сүру сапасын арттырамыз. «Nestle» тек адамдардың ғана емес, сонымен қатар олардың сүйікті үй жануарларының өмірін жақсартуға арналған өнімдер мен қызметтердің мол ассортиментін ұсынады. Компанияның өнім желісіне 2 мыңнан астам бренд кіреді, аты аңызға айналған және бүкіл әлемге танымал, мысалы, Nescafé немесе Maggi, Еуразия аймағында танымал «Быстров» және «Nesquik» брендтеріне дейін. Компания өз қызметінде тамақтану және салауатты өмір салтын терең сараптауға негізделген стратегияны басшылыққа алады. Нестленің штаб-пәтері 150 жылдан астам уақыт бұрын компанияның тарихы басталған Веве қаласында (Швейцария) орналасқан.

Другие новости

Back to top button