Выбор редакцииИнтервью

Қазақстандық мұғалім математиканы үйрететін ІТ-платформа ойлап тапты

«Алты Алаштың баласы қосылса, төрмұғалімдікі». Алаш қайраткері МағжанЖұмабаев өткен ғасырда айтса да, әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Қазақстанда педагогтердің кәсіби мерекесіМұғалімдер күніенді 5 қазанда атап өтіледі. Биыл жыл басында Үкімет тиісті қаулы қабылдады.

Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикадаМұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазанайының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астамелі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдеркүнімен сәйкестендірілді. Мұғалімдер күнібілім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күніұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлімен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталыпөтіледі. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.Кәсіби мереке қарсаңында математика пәні мұғалім, математиканы оқытатын Qalan.kz онлайн платформасының негізін қалаушы Асқар Болатпен сұхбаттасудың реті түсті.

 

— Асқар ағай, мерекеңізбен! Мұғалімдік жолыңыз қалай басталды?

Бала кезде математиканы жақсы көретінмін. Менің Болат атам математик болған. Ол кісі біріншісыныпқа барған кезімнен бастап көбейту кестесінүйретіп, есеп шығаруға деген қызығушылығымдыоятты. Содан іліп алып кеттім. Оған қоса, бастауыш сыныптағы мұғалімім Аманшаева Әлимаапаймның арқасында математика пәнінің мықтыіргетасы қаланды. Мектептегі білікті ұстаздарқабілетімді жетілдіріп, математикаға дегенсүйіспеншілігімді күшейтті. Осылай математикағатүбегейлі келдім.
 

ЖОО-ға «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығына оқуға түстім. Студенттік жылдарымда репетиторлықпен айналыстым. Кейін мектепке орналасып, математика пәнінен сабақ бердім. Алғашқы айлығым 52 мың теңге болатын. Бірақ соған қарамастан мен өз мамандығымды ұнатып, өмірлік кәсіп ретінде таңдадым. Бірақ, ол кезде мұғалімнің престижі төмен еді ғой. Көпшілік сонша білім алып, мұғалімдікті таңдадың ба деп таңданған кездер де болды. Себебі, бір лекте 40 бала оқысақ, соның бір қолдың саусағымен санарлық бала ғана мұғалім болды.

— Сіз Қазақстан және ТМД шеңберінде баламасы жоқ, математиканы үйрететін «Qalan.kz» платформасын жасап шығардыңыз. Жобаның идеясы математиканы оқытуды автоматтандыру. Идея қалай жүзеге асты?

—  Мектепте жұмыс істегенге дейін өзім де мұғалімдерді сынайтындардың қатарынан болдым. Бірақ сабақ бере бастағанда   өте көп проблеманы  байқадым. Балалардың көпшілігі көшіруге бейім. Оның түбіріне тереңірек үңілсек, олардың түсінбей қалған тақырыптары көп еді. Мұғалім бала түсінсе де, түсінбесе де,  күнтізбелік жоспарына сай сабағын өткізіп кете береді.  Мұнда мұғалімді де, оқушыны да кінәлауға болмайды. Бұл жүйелік проблема. Сосын әр баланың оқу, тақырыпты қабылдау және есеп шығару жылдамдығы әр түрлі. Бәрін бір сыныпта оқыту да нәтижелі болмайды. Мен мектепке мұғалім боп келгенде ең алдымен осындай білім саласындағы қордаланған проблемаларды шешуге тырыстым. Сабақ бере жүріп, балалардың 100 пайызға математиканы меңгертуді армандадым. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қарап, педагогикалық кітаптарды оқып, ақыл-кеңестер алып, шешім іздей бастадым. Қайтсек бала бір тақырыпты тез түсініп алатын жүйе жасаймын деген мақсат қойдым. Сол ойымды әр түрлі сынақтардан өткізіп, ІТ, педагогика мен математиканы біріктіре отырып, онлайн білімплатформасын жасау туралы идея келді. 2018 жылдан бастап, идеяны 3 жыл сынақтан өткіздік. Серіктесім ІТ маманы Қуаныш Нәбиевпен бірігіп, озық технологиялардың көмегімен математиканы меңгеру әдісін автоматтандырылған жүйеге айналдырып, жаңа форматтағы платформа жасап шықтық. Платформа әр баланың жылдамдығы  мен үлгеріміне қарай, персоналды жүйемен оқытады. Бала өз деңгейін, қалып қойған тақырыптарын анықтау үшін диагностикадан өтеді. Оқушыларға тез кері байланыс беретін менторларымыз жұмыс істейді.

Қазір таңда платформаның тиімділігі қай деңгейде?  

— Жалпы алғанда 300 мыңнан астам қолданушымыз бар. Олардың барлығы платформаға тіркеліп, тегін нұсқасын қолдана алады. Ал, ақылы негіздегі персоналды оқу жүйесі оқушы түрде өз білім деңгейін анықтайтын диагностикадан өтеді. Персоналды оқыту — әр оқушының өз деңгейі мен жылдамдығына сай оқытатын жүйе. Кэшбек жүйесі осының ішінде, курсты сатып алғандардың ақшасының белгілі бір сомасын есепті соңына дейін шығарған оқушыға қайтарып береді. Мысалы, биыл қаңтар-қыркүйек айларында 110млн теңге кэшбек берілді. Оған тағы қадағалау және кері байланыс кіреді. Қадағалау дегеніміз үш жақты жұмыс: мұғалім, яғни ментор, ата-ана және оқушы. Осы үштағанды жұмыстың арқасында оқушының күнделікті үй жұмысын орындау көрсеткіші 85 пайызға дейін жеткіздік. Бастапқыда 80 пайыз болатын. Біздің мақсатымыз 100 пайызға барынша жақындату. Біз қазір соған жұмыс істеп жатырмыз – сапалы қызмет көрсету, оқушылардың білімін көтеруді қадағалап отырамыз.

 

— Мұғалім мәртебесін көтеруге көңіл бөлініп жатқаны мәлім. Мұғалімдердің жалақысы 2 есе артып, арнайы мереке белгіленді, арнайы заң бар. Сіздің ойыңызша соңғы жылдары жағдай қаншалықты жақсарды?

Мен мектепте істеп жүрген кезде мұғалім мәртебесі мүлде төмен болатын. Бірақ соңғы жылдары жағдайдың әлдеқайда жақсарғаны байқалады. Қуантарлығы — мұғалімдердің айлығы біртіндеп көтеріліп жатыр.  Бұл бұрынғы Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қабылдаған дұрыс шешімдердің бірі болды. Ұстаздардың құқығы, беделі, әлеуметтік жағдайызаңмен бекітіліп, үлкен құрмет көрсетілген соң, оларға қойылатын кәсіби талап та арта түседіМен мектепте істеген жылдары балаларды мұғалімдікке үгіттейтінмін. Бұрын ешкімнің құлқы болмайтын. Жақсы оқитын балалар мүлде барғысы келмейтін. Мен оларға «егер сіздер мұғалім болмасаңыздар, сіздердің балаларыңызды «үшпен» оқитындар оқытатын болады» дейтінмін. Қазір айлық көтерілгелі мұғалімдерге деген көзқарас өзгерді. Бұрын жақсы оқитындардың көпшілігі өздері армандаған мамандықты таңдайтын, ал, ілініп-салынып оқып жүргендер грант жеңіп алу үшін мұғалімдікке баратын. Себебі, грант үлкен қалаға барудың бір мүмкіндігі еді. Өкінішке орай, соңғы жиырма жылдықта деңгейі төмен мұғалімдерді көбейтіп алдық. Өз есебін шығара алмайтын математика мұғалімдерін де көрдік. Осы ретте айлықтың көтерілгені өте жақсы шешім болды. Бұл үздік оқушылардың мұғалімдікке ұмтылуына әкелді. Қазір мұғалім мамандықтары үшін байқау күшейді. Жеткілікті балл 70 балдан жоғары, «Алтын белгі» иегерлері де көбейді. Мұғалім болғысы келетіндердің көбейгенін көріп, қуанамын.

Мұғалім беделін қалай көтеруге болады?

Мұғалім десе өзіме де тиеді. Өзім де мұғаліммін. Біліктілігі төмен мұғалімдер деңгейін көтеру керек немесе орындарын босатып, орнын жас және білімді кадрлар басуы керек деп ойлаймын. Мұғалімдердің беделінің қалай түседі? Егер мұғалімнің өзі білімсіз болса, есебін шығара алмаса, мамандығын сүймесе, балаға білім беремін деп жанбаса, оқушымен байланыс құра алмаса, оны оқушы да, ата-ана да сыйламайды. Мектепте өзі де жақсы оқыған, өз ісін сүйіп істейтін, жауапкершілігі жоғары адамдар мұғалім болғанда, бұл мәселе мүлде қозғалмайтын еді. Арнайы заң шығарудың да керегі болмай қалады. Бұрын мұғалімдікке оқуға түскендер Алматыға трамплин ретінде келетін. Мемлекеттің ақшасына оқып, мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндер көп. Бұл мәселені шешуді жемқорлықпен қатар қою керек. Мемлекеттің бюджеті далаға кетіп жатыр.

-Сіз секілді математика мұғалімі болып жүріп, стартап жасаған кейстерді насихаттау мұғалім мәртебесіне қалай әсер етеді?

— Біздің кейс жеткіліксіз, мұғалімдердің жетістіктерін кеңінен насихаттау керек. Ұстаздардың айлығы жылына 25 пайызға өсіп отыр. Біздің мұғалімдердің әлеуметтік жағдайының жақсаруының өзі бұл мәселедегі жетістікті көрсетеді. Біздің жобамыз қазір Өзбекстаннарығында да сәтті жұмыс істеп тұр. Өзбек ағайындар біздегі мұғалімдердің айлығына таңғалып, әрі қызыға қарады.  Иә, мәселе түгелдей шешілген жоқ. Мұғалімнің айлығын мың доллардан түсірмей, бір деңгейде сақтайтын болсақ, ол престижі бар мамандыққа айналады. Осы үрдіс жалғаса берсе, мұғалім мәртебесі биік болады.

Қазақстанда 4 мыңға жуық педагог тапшы. Әсіресе, өңірлерде осы мәселе өткір байқалады. Гибридті білім беру мұғалім тапшылығын қаншалықты шеше алады?

— Мықты мұғалімдердің көпшілігі қазір орталық қалаларға шоғырланғаны жасырын емес. Бірақ егер өңірлер мен ауылдарға мұғалімдерді жіберу бағдарламаларын жетілдірсе, осы бағытта жүйелі жұмыс атқарылса, өңірлердегі тапшылыққа оң әсер етеді деп ойлаймын. Баланың білімді болуының басты кілті – мұғалім. Ал гибридті оқытудағы бағдарламалар, кітаптар, онлайн сабақтар – мұғалімнің қолындағы құрал ғана. Бұл құралдары мұғалімнің жұмысын жеңілдетуі мүмкін. Бірақ тек білікті мұғалім ғана баланың шырағын жағып, білімнің маңызын түсіндіріп, махаббатын оята алады. Бұл тек мықты мұғалімнің ғана қолынан келеді. Бірақ мұғалім қаншалықты білікті болғанымен, сыныптағы барлық баланың кенжелеп қалған тақырыбын түсіндіруге 40 минут жетпейді. Сондықтан, жаңа технологиялар, гибридті оқыту жүйесі осы мәселені шешуге көмектесе алады. Осыжағынан алғанда Қазақстан дұрыс бағытта келе жатыр деп ойлаймын. Өркениетті елдер жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беретін маманға аса құрметпен қарайды. Бізде де мұндай көзқарас біртіндеп қалыптасып келе жатыр. Біздің қоғам білімге салынған инвестицияның  ең тиімді инвестиция екенін түсінік қалыптасып келе жатыр. Ал, білімді ұрпақ тәрбиелеуде мұғалім маңызды рөл ойнайды. Ол үшін мұғалім мектептегі бастытұлғаға айналып, мұғалімнің оқушыға сапалы білімберуіне барлық жағдай жасалынуға тиіс.

— Сұхбатыңызға рахмет!  

Әңгімелескен: Жания Әбдібек

 

 

Другие новости

Back to top button