Бизнес

Қазақстандық кәсіпкер өз сауда белгісін жасап, тәжірибеалмасу мақсатында АҚШ-та болды

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған «Белестері»жобасына қатысуының арқасында Жанар Жақсыбергенова АҚШ-қа баруға мүмкіндік алды. Осы жазда USAID ұйымдастырған қазақстандық кәсіпкерәйелдер делегациясының құрамында Вашингтон, Нью-Йорк, Детройт, Линкольн және Лас-Вегас қалаларында болып, америкалық іскер әйелдермен кездесіп, бизнес тәжірибесін байытты.

«Coca-Cola Белестерi» жобасының негізгі мақсаты – түрлі себептермен тұрақты табысынан айырылған әйелдерді жұмыспен қамтуды арттыру және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы жұмыс орындарын құру және Қазақстанныңауылдық мекендері мен қалаларындағы әйелдердің үздік бастамаларын өз кәсіптерін ашуға грантпен ынталандыруболып  табылады. Жыл сайынғы бизнес-идеялар байқауының жеңімпаздарына тегін қаржыландыру қарастырылған. Байқауға өз ісін ашуды немесе дамытуды жоспарлап жүрген Қазақстанның әрбір кәмелетке толған қыз-келіншектері қатыса алады. Қатысу шарты – https://ccb.kz/ сайтында жоба аясындағы оқытуды сәтті аяқтау.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасының бастамашылары Coca-Cola компаниясы, The Coca-Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қоры, «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры және «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ болып табылады. Биыл олар Қазақстандағы USAID ұйымының бөлімшесімен бірге қызмет жасауға келісті, соның арқасында Coca-Cola Белестерi жобасы аясында республиканың төрт аймағында кәсіпкерлік және ұжымдық бизнесті ұйымдастыру бойынша тренингтер өткізілді.

Жанар Жақсыбергенова жобаға қатысудың, сондай-ақалынған қаражаттың арқасында «Asau» жеке спорттық киім брендін дамытуға мүмкіндік алғандардың бірі болды. Жанарға Coca-Cola Белестерi байқауында жетістікке жетуіне мамандандырылған білімі (ол тігін өндірісінің конструктор-технологы), мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі және өз ісін дамытуға деген қарқынды ұмтылысы себеп болды. Іскер әйел бағдарламаға қатыспас бұрын отбасылық жиналған қаржысына тігін машинасын, маталарды сатып алып, пәтерінің бір бөлмесін жабдықтап, жұмысқа кіріскен.

«Ата-бабаларымыздың тарихы мені ұлттық нақыштағы спорттық стильдегі заманауи, ыңғайлы және әдемі демалыс киімдерінің топтамаларын жасауға шабыттандырады. Дизайнды әзірлеу барысында меніЖетісудағы жартас өнерінің ерекше көне ескерткіші болып табылатын Таңбалы аймағының петроглифтеріжігерлендіреді.

Бизнеспен бір жыл айналысқаннан кейін оны кеңейту ойыма келіп, басқа да мүмкіндіктерді іздей бастадым. Мен Coca-Cola Белестерi жобасы туралы осылай білдім. Содан кейін бизнес негіздері бойынша оқуды аяқтап, конкурсқа қатысуға өтінім бердім. Өкінішке орай, жеңіске жетеалмадым. 2022 жылы «Асау» брендімен спорттық киім шығару» бизнес-жоспарын аяқтаған соң, тағы да бағымды сынап көрейін деп шештім, бұл жолы сәтті болды», – дейді Жанар Жақсыбергенова.

Өзінің шағын бизнесін дамытудағы жетістіктері үшін Жанар «International Visitors Leadership Program» кәсіби алмасу бағдарламасы аясында АҚШ-қа үш апталық сапарға шақырылды. Coca-Cola Белестерi жобасы оған бизнес арманын жүзеге асыруға білім мен мүмкіндік беріп қана қоймай, оның өзіне деген сенімін де арттырды.

 

Другие новости

Back to top button