Госорганы

Қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы талқыланды

Семей қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Кеңес отырысында заңсыз ойын бизнесімен күрес және қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы талқыланды.

Жиынға кеңес мүшелерімен қатар Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы, Парламент Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, заңсыз ойын бизнесімен күрес, заңнамалық бағыттағы ұсыныстары, лудоманиядан оңалту мәселесі бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты.

photo

Ерлан Қарин мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар бірлесіп әрекет еткенде ғана лудоманиямен күрестің тиімді жүзеге асатынын атап өтті. Мемлекеттік кеңесші Кеңес мүшелерін қазақстандық жастардың өзекті проблемаларын тиімді шешу үшін жастар саясаты саласының күн тәртібін қалыптастыруға және оны белсенді іске асыруға шақырды.

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жұртшылықты ақпараттық-профилактикалық жұмысқа тарту барысында қолданатын нақты ұсынымдары әзірленді.

Другие новости

Back to top button