Культура

Қазақстандық фильмдер Иви-де ең көп қаралатын фильмдер тізіміне енді

2023 жылы Иви онлайн-кинотеатрында Қазақстанда ең көп қаралған фильмдердің алғашқы үштігіне бірден қазақстандық өндірістің екі фильмі енді.

 

Басты рөлдерде Баян Алагөзова мен Қуандық Шәкіржановтың қатысуымен түсірілген «Донор» мелодрамасы, сондай-ақ Жания Джуринская, Сая Оразғалиева және Дана Есееваның қатысуымен түсірілген «С Новым годом, девчонки» комедиясы ең көп қаралым жинады. Онлайн-прокат көшбасшыларының ондығына жеті қазақстандық фильм кірді, бұл Ивидің абсолютті рекорды болды.

Онлайн-платформаларда қазақстандық киноны көру қарқын алуда. Егер 2022 жылы Үздік 10-ға отандық өндірістің үш фильмі енсе, бұл жылы одан екі есе көп болды. Мұндай деректер көрермендердің қазақстандық кинематографқа деген шынайы қызығушылығын және отандық фильмдердің сапа деңгейінің арттырғанына айрықша назар аударады.

2023 жылы платформада «Донор», «С Новым годом, девчонки», «Келінжан», «Каникулы off-line», «Бесконечная свадьба» және «Дубай любой ценой», «Ауылбайский участковый», «Почти мачо», «Мой Джинн» фильмдерін көруге қол жетімді болды. Ивидегі Үздік 10-ға түріктің танымал «Зимородок» және «Постучись в мою дверь» телехикаялары кірді.

Сондай-ақ, 2023 жылы Иви өзінің көптеген жобаларын шығарды. Онлайн-кинотеатр көрермендерге өзінің «Оливье и роботы», «И снова здравствуйте-2», «Тайна пропавшей деревни», «Разрешите обратиться», «Госпожа», «Блеск» және тағы басқа авторлық телехикаяларын ұсынды. Ең жарқын тұсаукесер Алматыда өткен «Райцентр» және «Лада Голд» болды. Тұсаукесерге телехикаялардың жұлдыздары Кристина Асмус пен Асқар Ілиясов қатысты.

2023 жылды онлайн-платформа Tiger Films-пен жүргізілген белсенді ынтымақтастықпен атап өтті. Прокаттардан кейін қазақстандық продюсерлік компанияның жобалары бірден Иви-ге шықты. Көрермендердің арасында ыстық ықыласқа ие болған – «Вакцина от коррупции», «Мой Джинн», «Ауылбайский участковый» және т.б. фильмдер бар. Ал 2024 жылдың ақпан айында көрермендер көптен күткен «Батыр из прошлого» картинасын көре алады. Tiger Films-тің бас продюсері Ерлан Бұхарбаевтың айтуынша, отандық кино нарығы биыл үлкен серпіліс жасап, 60-қа жуық фильм шығарды.

 

Другие новости

Back to top button