Госорганы

Қазақстанды перспективалы мұнай-газ алаңдарын игеруге шақырдық – Эмомали Рахмон

Тәжікстан Қазақстанды перспективалы мұнай-газ алаңдарын игеруге шақырып отыр. Бұл туралы Президент Эмомали Рахмон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірлескен мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біздің стратегиялық серіктестігімізге одақтастық өзара іс-қимыл сипатын беру туралы шешімдер қабылданды.

Біз кен өндіру мен металлургия саласын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, машина жасау мен фармацевтика салаласын басым бағыт деп белгіледік. Біз Қазақстан тарапын перспективалы мұнай-газ алаңдарын игеруге шақырдық. Сондай-ақ, цифрландыру және жасанды зейін, банк ісі мен қаржы нарықтарын дамыту бағытындағы ынтымақтастық екі жаққа да тиімді деп санаймыз», — деді Тәжікстан басшысы.

Сондай-ақ, Эмомали Рахмон тәжік тарапы екі елдің ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындары арасындағы мәдени байланысты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атады.

«Білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың, атап айтқанда өзара негізде білім беру квоталарын ұлғайту шаралары іске асқанын айтқым келеді», — деді Тәжікстан Президенті.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алған болатын.

Бүгін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақордада өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөз кезінде биыл Қазақстан Тәжікстанның негізгі сауда серіктесіне айналуы мүмкін екенін айтты.

 

Другие новости

Back to top button