Главное

Қазақстандағы сұлулық салондары мен барбершоптар Яндекс Карты қызметінде жаңа клиенттерді тегінтарта алады

Сұлулық салондары мен барбершоптарда Яндекс Карты қызметінде онлайн жазылу функциясын тегін қосып, жаңаклиенттер тарту мүмкіндігі пайда болды. БүгіндеҚазақстанда Яндекс Карты қызметін ай сайын 2,5 миллионнан астам адам пайдаланады, бұл бір жылбұрынғы көрсеткіштен екі есе артық.

Яндекс Карты қолданбасында кез келген уақытта бір-екітүймені басып-ақ шаш қиюға, маникюрге, массаж бен басқа қызметтерге жазылуға болады. Соның арқасындасалондарға баратын  клиенттер саны артып, олардыңбейілділік деңгейін жоғарылатуға және әкімшілердіңжұмысын оңайлатуға мүмкіндік пайда болады. Сондай-ақмамандарға жүктелген жұмысты басқару ыңғайлырақбола түседі: салондар автоматты түрде жаңа жазылымнемесе уақытты кейінге жылжыту туралы ақпарат алады, сонымен қатар клиенттерге еске салу хабарларынжібереді.

Онлайн жазылу функциясын өз бетіңізбен немесеклиенттерді жазу қызметтері арқылы қосуға болады. Қосқан соң, Яндекс Карты қызметіндегі ұйым картасында«Онлайн жазылу» түймесі шығады. Сонымен қатарпайдаланушы «Онлайн жазылу» сүзгісіне басқан кезде, салонды іздеу өрісінен көре алады. Функция Яндекс Карты сайтында, сондай-ақ оның iOS және Android-тағықолданбаларында қолжетімді.

«Қазірдің өзінде жүздеген жергілікті сұлулық салоны біздің тегін онлайн жазылу виджетімізді қосып алды. Ол ағымдағы клиенттердің бейілділік деңгейін арттыруғажәне Яндекс Карты пайдаланушыларын тарту арқылыклиенттер базасын кеңейтуге көмектеседі. Қазақстандағыпайдаланушылардың саны 2,5 миллион адамнан асыпүлгерді», — дейді Яндекс Карты халықаралық өнімініңаға менеджері Алмаз Сәденов.

Яндекс Карты қолданбасын Google Play немесе App Storeдүкендерінен жүктеуге болады.

Другие новости

Back to top button