Выбор редакцииСоциум

Қазақстандағы киіктің етін, мүйізін экспортқа шығаратын уақыт келді – шетелдік ғалымдар

Еліміз киіктерді аулау туралы шектеуді алып тастау үшін 130-дан астам мемлекеттен рұқсат алуы керек

Ақбөкеннің мүйізін экспорттау керек. Киіктің мүйізі ғана емес, оның етін де, терісін де шетелге шығарып, сату жағын қарастыратын кез келді. Қорғауға алынып, саны көбейген киіктердің пайдасын халық көру керек. Еуропадан келген бір топ ғалым БҚО аралау барысында осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

Германиядан, Австриядан, Ұлыбритания сынды жеті мемлекеттен сарапшылар келді. Жан-жануарларды қорғайтын және оларға зерттеу жүргізетін халықаралық ұйымдардың сарапшылары мен ғалымдары бір аптадан бері Қазақстанның бірнеше облысын аралады. Тіптен олар киіктердің төлдейтін жеріне, жайлымына барып қана қоймай, жергілікті халықпен де кездесіп, олардың пікірлерін тыңдады. Германиялық сарапшы Штефан Михель (Stefan Michel) киіктердің санына ғана емес, олардың жайылып өткен жеріндегі шөпке дейін мән береді. Ондағы ойы шаруалар мен ауыл тұрғындарың малына қалатын азықтың көлемін анықтау.

«Ақбөкендер ашаршылықта да көмекке келген…»

«Біріншіден, ақбөкендер өте қызықты жануарлар. Олар дала экожүйесінің бөлігі, өте тез көбейе алады. Олардың әлеуеті зор. Кейбір аудандарда олар халықты ұжымдастырудан кейінгі ашаршылық кезінде, соғыстан кейін қиын кезеңде экономикалық жағынан құтқарды. Тәуелсіздіктен кейін де олардың  адамға пайдасы көп болды. Әлеуеті зор. Қазақстан үкіметі киіктерді қалпына келтіруге, сақтауға зор күш салды және бұл сәтті орындалды. Бірақ мен бұл шамадан тыс көбейіп кеткеніне де  аздап күмәнданамын. Менің ойымша, шын мәнінде, біз қазір қорғалатын түрдің сөзінен қолдануға болатын экономикалық түрге көшуіміз керек. Бірақ біз қателеспеуіміз керек. Жеке фермерлер үшін киіктер қиындық тудырып келеді. Құрғақшылық немесе шөптің аздығына ақбөкендер әсер етті деу қиын. Оған ақбөкендерді кінәлау оңай және мемлекет көмектеседі деп үміттенеді. Ақбөкендерді бұл жақтан қуу мәселені шешпейді. Киіктерді пайдаға қолдануға болады, оларды аулауға  болады, бұл өте ұйымдасқан жүйеде жасалуы керек», -деді Штефан Михель.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бастамасымен алты мемлекеттен халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ғалымдары шақырылған. Олар өңірде қалыптасқан жағдайды көздерімен көріп, киіктер туралы шешім қабылдауға тікелей себепші болады. Бірақ, өңірдегі фермерлермен кездескен шетелдік ғалымдардың пікірі бір жерден шыққан жоқ. Мәселен, Оксфорд университетінің ғалымы киік санын реттеу керек деген пікірді қолдайтынын білдірсе, англиялық тағы бір ғалым Мишель Боуи шешім қабылдауға әлі ерте деп санайды.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

«Суды ресейден сатып аламыз, жетіспейді…»

«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес министрліктен бір топ әріптестеріміз келіп отыр. Оның үстіне халықаралық дәрежедегі 7 сарапшы келді. Солармен бірге біз киік мәселесін талқылап жүрміз. Қазақстандағы киіктердің 95 пайыз үлесі біздің облысымызға тиесілі. Бұл үлкен жетістік. Республикамызда киікті киелі жануар ретінде сақтауда бұл үлкен жетістік. Бірақ қазіргі таңда киіктерге байланысты ауыл шарушылығында күрделі жағдай қалыптасқан. Шаруалардың жанайқайын тыңдадық. Киіктің саны миллионнан асып кетті. Киіктерге байланысты бірнеше мәселе бар. Біріншіден, малға азықтың жетіспеушілігі, яғни жайылым мен шабындық жерлердің болмауы. Екіншіден, су мәселесі. Сарапшылардың есебіне сәйкес, әрбір киік күніне 8 литр су ішеді. Бөкей ордасы, Казталов және Жәнібек аудандарына суды Ресейден сатып аламыз. Бұл мәселе де айналып келгенде қаржыға тіреледі. Эпизоотия проблемасы да бар. Киіктің 4 түрлі ауруы бар, дала жануарының әртүрлі себеппен өлетінін көріп жүрміз», -деді БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев.

«Қазақстан киіктің дериваттарын пайдаланбауға өздері келісім берген.. »

Киік елімізде қызыл кітапқа кірмеген. Бірақ сонда да ерекше қорғауға алынған ақбөкендер халықаралық ұйымдардың ұйғарымымен дүниежүзілік қызыл кітапқа енгізілген. Енді саны көбейген киіктерді реттеп отыру үшін 130-ға жуық елдің өкілі мүше  ұйымның рұқсатын да алу керек. Онсыз Қазақстан өз бетінше киіктердің мүйізін, етін, терісін кәдеге жаратып, экспортқа шығара алмайды. Қазіргі таңда Қазақстан халықарлық конвенциялардың, халықаралық ұйымдардың мүшесі, бұл ұйымдармен меморандумға қол қойған. Сондықтан киіктің мүйізін сыртқа өз бетінше шығара алмайды. Өңдегеннің күннің өзінде оны экспорттауға мүмкіндігі жоқ. 133 елдің өкілі бар CITES  конвенциясына Қазақстан да мүше. Халықаралық дәрежеде дериваттардың пайдаланылуын шешетін осы ұйым.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

«Киік санын реттеу үшін жергілікті тұрғындарға шағын квоталармен аң аулауға рұқсат берілуі керек. Бұл ет дайындауға болатын аң аулау. Ет өте маңызды, мұқият атқарылатын іс. Киіктің етін базарға арзан бағамен түсіру емес, деликатес элиталық өнім дайындап, оны экспорттау  керек. Менің ойымша, мүйіз саудасы әзірге болмайды. Мүйіздер — қымбат өнім. Ақбөкендердің текесі, еркегі ұзақ өмір сүрмейді. Табиғи өлім жоғары. Мұндай мүйіздерден көп дүние дайындауға болады. Ол үшін жүйелік қамтамасыз ету іске қосылуы керек. Заңға өзгеріс енгізу керек. Контрабандалыққа жол бермей, түпкілікті сатылымға дейін барлығын құжаттамалық түрде жүзеге асыру, бұндай жүйені дамыту керек. Заңдарды бейімдеу керек. Әу баста киіктің санына шектеу қойған кезде Қазақстан тарапы шешімнің салдарына көңіл аудармаған. Мороторий бар екенін ғана айтты. Енді Қазақстанға санын реттеу үшін шектеуді халықаралық ұйымдардан алғызып тастау өте қиынға соғады. Қазақстан шектеу енгізер кезде ойланбады деп айт алмаймын, тек шектеуге қатты қарсылдық білдірмеген. Қазақстан «Біз киіктерді бәрібір қорғаймыз, оларды сатып жатқан жоқпыз» деп келісімге қол қойған. Ендi 130-дан астам мемлекет мүше ұйымнан шектеуді алып тастауға рұқсат алу үшін өте көп жұмыс істеу керек, ол оңай болмайды. Біз ақбөкендерден пайда көретін мүмкіндіктерді қарастыруымыз керек. Арнайы қор құрып, киіктен түскен қаржыдан ақбөкендерден зардап шеккен фермерлерге көмектесе аламыз да, киіктің зиянынан пайдасын көбіре көреміз. Мен қолайлы және пайдалы болуы мүмкін осындай жүйені дамытуға көмектесуге тырысамын.Тағы бір маңызды элемент бар.  Бұл бір идея. Белгілі бір жағдайда арнайы аумақта аңшылық жасау жағын да қарастыру. Мәселен, жабайы аңдарды шетелдіктерге атқызу, аралату, тіптен қолтырауынға дейін атқызып, мемлекетке пайда кіргізіп отырған елдер бар. Біз киіктің етін, мүйізін ұлттық және халықаралық деңгейде экспорттауға реттеуіміз керек. Заңды өнімді тәуекелсіз сатып алуға болады. Бұл қазіргі қара нарыққа қарағанда арзанырақ. Халықаралық нарық ашық болғанша, мүйізді дайындап, мемлекеттік қоймаларда сақтау. Кейін нарық ашылған кезде бізде нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті тауарлар болады. Киік санын реттеуде өте сақ болуымыз керек. Идеялар көп», — деді германиялық сарапшы.

Киікті қорғауға жыл сайын 1,5 млрд бөлінеді

«Охотзоопром «ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны директорының сөзінше, тек киіктерді қорғауға жыл сайын бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлініп отырған. Биылдан бастап бұл қаражаттың көлемі тағы да артады.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

Киіктерді қарап, күзетуге арналған инспекторларға ғана жұмсалған бұл қаражаттың сыртында, халықаралық ұйымдардан және өзгеде шетелдік ірі компаниялардан бөлінетін қаржыландыру мен техника тағы бар. Батыс аймақтың халқы да, жауапты басшылар да киіктің пайдасын көретін уақыт жетті деп санайды.

«Жұмыс бір күнде бітпейді. Былтыр осы мәселені көтерген кезде, министрдің атына киіктің санын реттеу керек деп жаздық. Үкіметтің тапсырмасымен ғылыми зерттеу өткізу керек дегеннен кейін қыркүйек айынан бастап халықаралық сарапшылармен кездесіп, байланысып, жағдайды жеткізгеннен кейін, былтыр екі күн бейнеконференция өткіздік, қазақстандық, шетелдік сарапшылар қатысты. Соның нәтижесі міне. Сол сарапшылар келіп, көздерімен көріп жатыр. Олар шынымен де реттеудің уақыты келді деп айтып жатыр. Киік Өзбекстан, Монғолияда, Ресейде Қызыл кітапқа енген. Бізде енбеген. Біз халықаралық конвенцияға, меморандумға қол қойғанбыз. Сондықтан біздің алдымызда жауапкершілік бар. Бүгінгі күні Қазақстан мороторийдің міндетін орындады. Халықаралық ұйымдардың алдындағы міндетті толық және асыра орындады. Санын көбейттік, қорғадық. Енді сол санын реттеу керек. Одан пайда түсу керек. Өзін-өзі ақтау керек. Мемлекет осы уақытқа дейін, оны көбейтуге, өсіруге, қорғауға қаржы жұмсаса, енді киікті халық игілігіне жарататын уақыт келді. Сарапшылар келгеннен кейін көзқарастары өзгерді. Біздің сөзімізге сенді», — деді  ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

Шетелдік сарапшылар 133 елдің өкілі бар CITES конвенциясына мүше Қазақстанға көмектесуге әзір. Кезінде еш шартсыз, қарсылықсыз келіскен Қазақстан билігі бүгінде киіктің дериваттарын пайдалануды шешетін ұйымның алдында ауыр сынақтан өтеді. Проблеманы бүге-шігесіне дейін дәлелдеуі тиіс. Қазан айында Ташкент қаласына жан-жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері жиналады. Киіктің санын реттеу бойынша шетелден шақырылған сапаршылар сол кезде Қазақстанға қолдау көрсетіп, оң пікір білдіреді деген үміт бар. Бірақ, оған дейін министрлік пен әкімдік, ғалымдар мен сапаршылар біріге отырып, нақты тұжырымдамаларды қабылдап, шешімдердің оң нәтижеге әкелетінін дәлелдей алатындай құжаттарды тиянақтап, әрі күн тәртібіне кіргізіп қоюлары тиіс.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

«Батыс Қазақстанда киік өте көп. Олар ауыл шаруашылық жеріне кері әсерін тигізуде. Бұл мәселе шешімін табуы керек. Көптеген шаруалар мал азығы жетпейді деп шағымданып жатыр. Киіктерді қазақстандықтардың пайдасына жарату керек. Әртүрлі мысалдар бар. Оңтүстік Америка, Африка елдерінде т.б. дала хайуанаттарын жергілікті халықтың пайдасына жаратады. Қазіргі уақытта Қазақстанға киіктерді пайдаланудың дұрыс әдіс-тәсілдері керек. Бұл оңай шешілетін дүние емес. Біз мұнда өз тәжірибемізден алынған ұсыныстарымызды ортаға салуға келдік. Киіктер мәселесінде кешенді стратегия жасап шығарып, іске асыру керек», -деді Франкфурт зоология қауымдастығының киіктерді сақтау жөніндегі маманы Штеффен Цуттер (Steffen Zuther).

«Мен ақбөкендерді халықаралық деңгейде сақтау альянсын бастадым. Бір кездері киіктер жер бетінен құрып кете жаздаған. Бүгінде Қазақстаннан көрген киіктердің саны өте көп, бұрын ешқашан мұндай көп киікті көрген емеспін. Бұл сіздердің қамқорлықтарыңыздың арқасында болып отырған жайт. Сіздерге алғысым шексіз. Мен киіктер санының көптігінен ауыл шаруашылығына зиян келіп жатқанын түсінемін. Біз сіздермен осы мәселені шешуде бірге жұмыс істегіміз келеді», — деді Оксфорд университеті  ақбөкендерді  сақтау Альянсының жетекшісі И Джей Милнер-Гулланд (EJ Milner-Gulland).

«Халық шаршады, нақты іске көшетін уақыт болды..»

Елдегі киік саны былтырдың өзінде 2 миллионға жуықтаған. Бұл биылғы төлдерді  қоспағандағы есеп. Шетелдік ғалымдар далада өліп жатқан киіктерді де көрді. Жайылымын жайпап кеткен шаруалармен де жолығып, пікірлерін тыңдады. Облыстың оңтүстік аудандарындағы шаруа қожалықтары мен фермерлері жиналып, биліктің нақты іске көшетін уақыты әлдеқашан келгенін айтты.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

«Былтыр да осы киік жөнінде жиын болған. Бәріміз осында мал басын өсіріп, отбасын асырап, елге еңбек етіп жатқан халықпыз. Біздегі бір ғана мәселе – киіктің санын шектеу. Қазір далада, шаруашылығымда ине шаншар жер жоқ. Кеше жоқ еді, бүгін қаптап кеткен. Киіктің терісін, етін өңдейтін бір орын бар ма? Бізде Үкіметтен бастап «бүйтейік деп жатырмыз, сөйтейік деп жатырмыз» деген ғана айтатындары. Халық шаршап болды. Осы бәріміздің өсірген малымыздың терісі мен жүнін тек шұңқыр «көріп отыр». Қайда қарап отырсыңдар? Айттыңдар, зауыт, фабирка салынды, бірақ жұмыс істемейді. Біздің налитынымыз, өндірген өнімдерді өткізетін жер жоқ. Өзімізді өзіміз қорғамасақ, кім бізді қорғайды?! Нақты жұмысқа кірісетін уақыт болды. Ана жиналыс, мына жиналыстың бізге түкте де қажеті жоқ», — дейді «Нарын» шаруа қожалығының жетекшісі Нағи Тәжімұратов.

Ал БҚО әкімінің сөзінше, мәселені шешудің бірі, оны — «Жол картасына» енгізу.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

«Біз киіктің популациясын, тепе-теңдікті сақтағымыз келеді. Ғылыми жұмыспен ғалымдарымыз айналысты. Оңтүстік аудандарды араладым. БҚО жағдайға қатысты көп ақылдастық, проблемаларды тыңдадық. Пікір айтқан мамандар мен ғалымдардың ортақ ойы – киікті мемлекеттік деңгейде реттеу. Қалай реттеу керектігі басқа әңгіме. Киіктің мәселесіне қатысы істерді «Жол картасына» енгізуіміз  керек. Әрбір ведомстволық ұйымдардың міндеттері айқындалуы тиіс. Егер осы проблеманы дұрыс түсінсек, оң шешім қабылдауымызға да әсер етеді. Бүгінгі байлығымызды күрделі сұраққа қатысты шешім қабылдар кезде ертең жоғалтып алмауымыз керек. Неғұрлым тезірек шешім қабылдасақ, солғұрлым қоғамға, өзге де органдарға пайдалы барлық ұсыныстар «Жол картасына»  енгізу және заңның кейбір тармақтарына өзгеріс керек. Министрлік тарапынан реттеудің механизмі жасалып, өзге елдердің тәжірибесін қарауымыз керек», — деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Другие новости

Back to top button