Қазақстандағы киік саны 1974 жылғы тарихи максимумнан асып түсті – министрлік

Қазақстан Қытай үкіметіне 1,5 мың бас киік береді. Осыған байланысты көрші елмен жануарларды беру механизмі пысықталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті киіктер бұрын Қытайдың батысын мекен еткенін атап өтті.
«Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында мемлекет басшысы Қытайға 1,5 мың бас киік беру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты Қытай тарапымен жануарларды беру механизмі пысықталады. Бұрын Қытайдың батыс бөлігі киіктердің мекен ету ортасына кіргенін еске саламыз. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысында адамдардың дала кеңістігін қарқынды игеруіне байланысты киіктердің саны мен мекен ету ортасы айтарлықтай азайды», — дейді олар.
Комитеттің ақпаратынша, биыл көктемгі есептің нәтижесі бойынша Қазақстандағы киік саны 3,9 млн басты құрап, 1974 жылғы тарихи максимумынан (1,2 млн бас) асып түскен.