Госорганы

Қазақстандағы жылумен жабдықтау желілерінің 54%-ы тозған

Ел бойынша шамамен 14 мың км жылумен жабдықтау желілері бар

Биыл 133 км жылу желілерін жаңғыртуға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлді, деп хаьарлайды Azattyq Ruhy

 

Ведомство мәліметінше, ел бойынша шамамен 14 мың км жылумен жабдықтау желілері бар, олардың орташа тозуы 54% -ті құрайды.

«Қазір барлық өңірлерде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 133 км жылу желілерін жаңғыртуға министрлік республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлді», — делінген хабарламада.

Айта кету керек, мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 43% -ке дейін төмендету міндеті тұр.

Другие новости

Back to top button