Главное
Қазақстандағы бүкіл баланың шотына жаппай неше доллардан түсетіні бүгін белгілі болады
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Ұлттық қордың былтырғы инвестициялық табысынан Қазақстандағы балалардың шотына биыл түсетін қаражаттың сомасы бүгін белгілі болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шолпанқұлов бұл салаға жауапты орынбасар емеспін дегенді алға тартып нақты қанша сома түсетінін тікелей айта алмады.
«Бүгін Ұлттық банк оны сайтында жариялайды», — деді Сенат кулуарында ол.
Айта кетейік, Ұлттық қордың инфестициялық кірісінің 50 пайызы Қазақстандағы бүкіл балаларға тең бөлініп, жыл сайын олардың есепшотына түсіп отырады.