ГлавноеГосорганы

Қазақстанда зорлық-зомбылық деңгейін азайту үшін ережесіз жекпе-жек көрсетіліміне шектеу енгізіледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі елде ережесіз жекпе-жек көрсетіліміне шектеу енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Министрдің сөзінше, мұндай шара ел ішінде зорлық-зомбылық деңгейін азайтуы керек.

«Себебі мұндай бағдарламаларды көрген оқушылар әдіс-тәсілдерді өзгелерге қарсы қолданады. Кейде өзіміз байқамай зорлық-зомбылықты WhatsApp арқылы таратамыз. Мысалы, қыздардың төбелесіп жатқан немесе ұлдардың бір-бірін ұрып жатқан видеоны басқа адамдарға жібереміз. Ал зорлық пен қатігездік дәл осындай жауыздық туындауына себеп болады», – деді Қыдырәлі.

Другие новости

Back to top button