Ақша

Қазақстанда whatsapp-чаттарға кірген 2 млн адам ақшасынан айырылып қала жаздаған

Қазақстанда қаржы пирамидалары ашқан 300-ге жуық чат жабылған. Ол чаттарға тіркелген 2 млн адам ақшаларынан айырылып қала жаздаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Жалпы, Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қаржы пирамидаларына қатысты 68 қылмыс тергеліп біткен. Олардан болған шығын 20 млрд теңгеден асып кеткен.

«Жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылды. Осы чаттарға кірген 2 миллионға жуық адам ақшаларын қаржы пирамидаларына сала жаздаған», — деп хабарлайды ҚМА.

Другие новости

Back to top button