Главное

Қазақстанда тұрғын үйді сату бойынша пилоттық жоба енгізілді

«Цифрлық ипотека» ұлттық жобасы шеңберінде Қазақстанда екінші дәрежедегі тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша нотариаттық мәмілелерді онлайн-ресімдеудің пилоттық тетігі енгізілді. 

Әділет министрлігінің мәліметінше, енді азаматтарға банкке және нотариусқа барып уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Барлық кезеңдерді қашықтан, электрондық форматта өтуге болады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Ипотекалық қарызды пайдалана отырып, тұрғын үй сатып алғандар үшін «цифрлық ипотека» сервисі өтінім беруден бастап тіркеу туралы құжаттарды алуға дейін мәмілені толығымен онлайн ресімдеуге мүмкіндік береді. Процестің барлық қатысушылары — банк, нотариус және тіркеуші органдар — қағаз құжат айналымын болдырмайтын бірыңғай цифрлық платформа арқылы өзара іс-қимыл жасайды.

Мәміленің екі тарабы да жүйеде авторизациядан өтеді және өз әрекеттерін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен растайды. Жүйе автоматты түрде:
• қатысушылардың жеке басын;
• объектіге меншік құқығының болуын;
* құқықтық кедергілер, меншікке бұғаттың салынбауы немесе басқа шектеулердің болмауын тексереді.

Нотариус мәмілені бейнебайланыс арқылы онлайн-форматта куәландырады. Осыдан кейін шарттың электрондық көшірмесі тіркеу үшін «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Мүліктің жаңа иесі процедураның аяқталғаны туралы хабарлама алады.

Неліктен қауіпсіз?

• Барлық іс-әрекеттер жеке қолтаңбамен бірдей заңды күші бар ЭЦҚ-мен расталады.
• Сервис құжаттарды қолдан жасау немесе алаяқтық мәмілелер жасау мүмкіндігін болдырмайтын мемлекеттік дерекқорлармен біріктірілген.
• Мәміле көп сатылы тексеруден өтеді: жүйе қатысушылардың және объектінің деректерін автоматты түрде тексереді, сонымен қатар барлық әрекеттерді электронды журналға жазады.
• Мәмілеге қатысушылар әр кезеңде хабарлама алады, ал құжаттар қорғалған цифрлық мұрағатта сақталады.

Азаматтарға ыңғайлы

• Енді кезекте тұрудың және көптеген қағаз құжаттарды жинаудың қажеті жоқ.
• Процесс айқын, жылдам және ыңғайлы болады.
• Барлық құжаттар онлайн режимінде қол жетімді және толық заңды күшке ие.
• Ипотеканы рәсімдеу кезінде бүкіл процесс цифрландыру есебінен әлдеқайда жылдам өтеді.

Электрондық ресімдеу сервистері мен «цифрлық ипотека» екінші деңгейдегі банктердің платформаларында кезең-кезеңімен енгізіліп, халық арасында белсенді жүргізілетін болады. Бұл жылжымайтын мүлікті сатып алу процесін әр азамат үшін одан да қолжетімді және қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2025 жылы елімізде барлық қаражат көздері есебінен 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 176-нан астам пәтер салу жоспарланған.

 

Дереккөз: https://kaz.inform.kz

Другие новости

Back to top button