Ақша

Қазақстанда тұрғын үй қымбаттайды

Қосымша құн салығы мөлшерлемесі 16 пайыз болса, пәтер бағасы да осы инфляция деңгейінде 3-4% өсуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Азамат Әмриннің сөзінше, инфрақұрылым алымы туралы мәселе әлі де талқылануда және нақты бір шешім шықпаған.

«Менің көзқарасым бойынша ҚҚС салу дұрыс. Себебін түсіндірейін. 2023 жылы жалпы ішкі өнім көлемі 135 трлн теңге болды. Оның ішінде көлеңкелі экономика деңгейі 17,5 пайыз деп айтылды. Яғни, көлеңкелі экономиканың көлемі ақшаға шаққанда – 20 трлн теңге деген сөз. Енді осының құрылымын қарасақ, ең үлкен көлемдер бірінші кезекте көтерме және бөлшек саудада кездеседі. Екінші орында ауыл шаруашылығы, үшінші құрылыс, төртінші денсаулық сақтау және бесінші білім беру саласы», – деді вице-министр.

Ол инфляция 3% төңірегінде өссе, пәтер бағасы да осы инфляция деңгейінде өсуі мүмкін екенін атап өтті.

«Бүгінде тұрғын үй салушылар пәтерді сатқанда қосымша құн салығын төлемейді. Ол құрылыс материалдарын өзгелерден сатып алады. Бәрі ҚҚС-тан босатылған. Енді тұрғын үй салушы сатып алған материал тізбегін қосылған құн салығына енгізбесе, айналымына байланысты 16% қосымша құн салығын төлейтін болады. Есептер жасалды. Инфляция 3 пайыз төңірегінде өседі дедік. Яғни, пәтер бағасы да осы инфляция деңгейінде өсуі мүмкін. Қазір ҚҚС жоқ болса да пәтер бағасы өсіп жатыр. Олардың бағасы көтеріліп еді, баға өсіп шыға келді», – деді вице-министр.

Другие новости

Back to top button