Социум

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Бір жылда жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3%-ға өскен

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары – 7,3%, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3% өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда 29,3% артты.

Өңірлер бойынша қарастырар болсақ, алғашқы нарықта жылдық мәнде:

  • Ақтөбе қаласында – 25,4%;
  • Ақтау қаласында 24,3% қымбаттады.

Қайталама нарықта баға өсімінің көшбасшылары:

  • Қызылорда қаласы (37,8%);
  • Ақтау қаласы (32,6%);
  • Семей қаласы (31,6%);
  • Қостанай қаласы (29,2%);
  • Өскемен қаласы (24,7%).

Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында:

  • Көкшетау қаласы (51,1%);
  • Петропавл қаласы (48%);
  • Алматы қаласы (45,4%);
  • Қостанай қаласы (45%).

Бір айдың ішінде (2023 жылғы наурыз 2023 жылғы ақпанға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7% төмендеді.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Другие новости

Back to top button