Қазақстанда түйелер белгісіз аурудан жаппай қырылып жатыр

Атырау облысының Құрманғазы ауданында түйелер жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Halyqstan басылымының жазуынша, жергілікті тұрғындардың айтуынша, жануарлар бірінен соң бірі өліп жатыр: алдымен тәбеті жоғалады, кейін тырыспалар (судороги) басталады, ал бірнеше күннен соң өліп қалған. Мұндай жағдайлар Дыңғызыл, Еңбекші және Макаш ауылдарында байқалып отыр.
– Бұған дейін мұндай жағдай болмаған. Екі апта ішінде оннан аса түйе өлді. Енді қалғандары да ауырып жатыр. Бұл не ауру екені белгісіз, ешкім нақты ештеңе айтпай отыр, – дейді тұрғындар.
ЗЕРТТЕУ
Атырау облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта 20-дан астам түйе қырылған, тағы 47 жануар ем қабылдап жатыр. Мамандар зертханалық сараптама үшін жем-шөп, тіндер мен биоматериал үлгілерін алған. Ұлттық ветеринария референттік орталығы жүргізген бастапқы талдаулар ауру қоздырғышын анықтамаған.
Басылым мәліметінше, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қосымша мамандар жіберу туралы сұрау жолдаған. Алайда әзірге ресми жауап келмеген.