Северо-Казахстанская область

Қазақстанда тағы бір қалаға су басу қаупі төнді

Солтүстік Қазақстан облысының билігі Петропавл қаласы мен тағы үш ауданға су басу қаупі төніп тұрғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қазір Сергеев су қоймасының толымдылығы 182% жеткен. Есіл өзенінің сағасында бітелген тұстары байқалмайды. Ал су қоймасы толымдылығы 425 сантиметрді құрайды.

Шенеуніктер су тасқыны жағдайын үнемі қадағалап отырғанын хабарлайды. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, облыста қар жамылғысы 30% дейінгі шекті құраған. 219 елдімекенді су басу қаупі төніп тұр. Қазірдің өзінде 40 үйдің 13-і су астында қалған. 280 адам эвакуациялан, олардың 44-і үйіне оралған. 111 үй маңындағы аумақ су астында қалған.

Су тасқынының салдарымен күресу үшін қосымша күштер мен құралдар тобы құрылды. Облысқа ТЖМ күштері 177 адам мен 27 техника, сондай-ақ еліміздің басқа өңірлерінен 10 жүзу құралдары мен 48 мотопомпа келді. Қосымша қорғаныс министрлігінің 313 әскери қызметкері жетті.

Ауыр техника зардап шеккен аудандарға берілді, сондай-ақ ұйымдарға бекітіліп жұмылдырылды. Жолға судың шығып кетуінің 59 жағдайы тіркелген. Оның 19-да су әлі де кетпей тұр. Сондай-ақ, суды сору, арықтар мен каналдарды тазарту, сондай-ақ Петропавл мен Қызылжар ауданының елді екендерінің айналасындағы қорғаныш үйінділерін нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button