ГлавноеГосорганы

Қазақстанда тағы бір жаңа партия тіркелді

Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді

Қазақстанда Respublica деген атаумен жаңа партия тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған партия барлық құқыққа ие әрі ресми түрле тіркелген.

«Бүгінде «Байтақ» және Respublica партиялары тіркелді. Екі партия да барлық құқыққа ие және толық тіркеуден өткен. Басқа партиялармен жұмыс жалғасып жатыр, олар әлі бірінші кезеңнен өткен жоқ. Оған құжаттарының заңға сәйкес келмеуі себеп болып жатыр», – деді ол.

Другие новости

Back to top button