Главное

Қазақстанда тағы 40 градус ыстық түседі

Қысқа мерзімді салқындаудан кейін Қазақстанның оңтүстік өңірлері қайтадан жылы әрі құрғақ ауа массаларының ықпалында болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 8 тамыздан бастап Иран аумағынан жылы ауа келе бастайды, бұл күндізгі температураның +35…+41 градусқа дейін көтерілуіне әкеледі.

«Ал солтүстік өңірлер болса, бұрынғысынша суық ауа массаларының ықпалында қалады – найзағайлы жаңбыр жауады, кейбір аймақтарда нөсер жауын күтіледі, бұршақ жаууы да мүмкін», – деп хабарлады синоптиктер.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, 2025 жылдың тамыз айында Қазақстанда ауа райы айтарлықтай құбылмалы болады: кейбір өңірлерде аптап ыстық орнап, жауын-шашын болмайды, ал басқа аймақтарда керісінше – жаңбыр жауып, температура күрт ауысады. Айдың алғашқы онкүндігінде жылыну солтүстік пен шығысқа жетеді, ал оңтүстік пен батыста керісінше – аздап салқындайды.

Алдағы уақытта ауа райы тұрақсыз болмақ – ыстық күндер салқын әрі жауынды күндермен алмасып отырады, найзағай, бұршақ және шаңды дауылдар болуы ықтимал. Жалпы алғанда, жауын-шашын мөлшері норма шегінде болады, бірақ солтүстік пен шығыста нормадан асып түсуі мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Другие новости

Back to top button