Госорганы

Қазақстанда сүт өндірісін дамыту үшін шикізат базасы әлсіз – министр

2023 жылы 65 тауарлы-сүт фермасын құруға 100 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Министрдің айтуынша, елімізде сары май, сүт, ірімшік және сүзбе, ашытылған сүт өнімдері өндірісі азайған. Бұл шикізат базасының дамымауымен байланысты.

«Сүт өнімдерін өндіруге арналған шикізат базасын кеңейту үшін өңірлік ӘКК арқылы ірі тауарлық-сүт фермалары құрылысын жеңілдікпен қаржыландыратын Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі кеңейтілуде. Бұл жоба нәтижесінде отандық сүт зауыттары сапалы шикізатпен қамтамасыз етіледі және сүт бойынша импортқа тәуелділік айтарлықтай төмендейді», — деді Е. Қарашөкеев Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы мақсаттарға 2023 жылға өндірістік қуаты жылына 373 мың тонна сүтті құрайтын 65 тауарлы-сүт фермасын құруға 100 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Келесі жылдары жоспарда қосымша 50 тауарлы-сүт фермасын салу бар, оған 113 млрд теңге қаражат қажет.
Бұған дейін министр 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндаған еді. Оның айтуынша, Қазақстанда ұн, май, макарон, қант өндірісі артып келеді.

Другие новости

Back to top button