Главное
Қазақстанда сталкинг жасаған адамға қандай қылмыстық жаза қолданылатыны анықталды

Мемлекет басшысы 16 шілде күніе Қылмыстық кодекске жаңа 115-1-бап – «Сталкинг» ұғымы енген заңға қол қойды. Бұл түзету азаматтардың жеке бас бостандығын қорғау және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сталкинг деген не?
Сталкинг – бұл адамның еркіне қайшы, онымен тұрақты түрде байланыс орнатуға тырысатын, зорлық-зомбылықсыз, бірақ елеулі зиян келтіретін заңсыз қудалау әрекеті.
Жаза шаралары
Жаңа бапқа сәйкес сталкинг үшін:
- 200 АЕК-ке дейін айыппұл,
- 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс,
- немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.
Егер қудалау зорлық-зомбылықпен, қорқытумен, бопсалаумен немесе жеке өмірге қол сұғумен ұштасса, іс-әрекет басқа баптар бойынша қосымша сараланады.
Нақты зиян болған жағдайда
Қылмыстық қудалау тек нақты зиян келген кезде басталады. Мысалы, адамның еркін жүріп-тұруына шектеу қою, жеке өміріне қол сұғу немесе психологиялық қысым көрсету жағдайында.
Азаматтарға үндеу
Бас прокуратура азаматтарды сталкингке бей-жай қарамауға және мұндай жағдай туындаса бірден ішкі істер органдарына хабарласуға шақырды.