Главное

Қазақстанда шілденің шіліңгір ыстығы басылды: тамыз айы жаңбырмен басталады

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, циклонның әсерінен Қазақстанда жаздың ыстық күндері жаңбырлы, найзағайлы ауа райымен ауысты. Тіпті елдің оңтүстігінде де ыстықтың бәсеңдеуі байқалады.

«Алдағы күндері циклон жылдамдығы баяу болғандықтан, еліміздің басым бөлігіне әсерін сақтап қалады – жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

2 тамыздан бастап циклонның артынан солтүстіктен антициклон жылжып келе бастайды. Ол жауын-шашынның тоқтауына және солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасының 15-20 градусқа дейін төмендеуіне себеп болады», – делінген синоптиктер болжамында.

Другие новости

Back to top button