Главное

Қазақстанда қайтыс болған адамды жерлеу құны жыл санап қымбаттап барады

Қазақстанда жерлеу қызметі арзандамай тұр, бір жыл ішінде қызмет құны бес пайызға ұлғайған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Былтыр елімізде 132,9 мың адам өмірден өткен — бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға көп. Қайтыс болғандардың көбі халық тығыз қоныстанған Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарына келеді.

Ал жерлеу қызметі осымен 51 ай қатарынан арзандамай тұр.

«Биылғы наурыз айының қорытындысы бойынша баға өзгерген жоқ, ал оның алдыңғы айда 0,3%-ға өскен. Бір жыл ішінде жерлеу қызметі 4,9%-ға қымбаттап отыр. Өңірлер арасында ең қымбат баға Батыс Қазақстан облысында байқалды: бірден бір жарым есе көтерілген. Одан кейін Жетісу (23,1%) және Ақтөбе (11,1%) облыстары. Алматы (4,1%), Абай (6,1%)  және Қарағанды (6,7%) облыстарында қызмет құны аздап қана өскен», — деп жазады Finprom.kz.

Жалпы жерлеу қызметі республиканың 11 өңірінде қымбаттаған, ал қалған тоғыз аймақта баға өзгермеген.

Другие новости

Back to top button