Қазақстанда қай жерде 1,6 млн теңгеден жоғары жалақы алуға болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда кімдерге 1,6 млн теңгеден жоғары жалақы ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
700 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БАСТАП
Министрлік мәліметінше, бос жұмыс орындарында ең жоғары жалақы бас құрылысшыларға ұсынылады. Бұл қызметтегі адамдарға орта есеппен 709 мың теңгеден бастап жалақы ұсынылады. Екінші – ұңғымаларды жөндеу шеберлеріне (700 мың теңгеден бастап) және бұрғылау инженерлеріне (597 мың теңгеден бастап) ұсынылды.
1,6 МЛН ТЕҢГЕДЕН БАСТАП
Ең көп жалақыны өнеркәсіптік жабдықтар бойынша механик (орта есеппен 1,6 млн теңгеден бастап), IT саласындағы ғылыми қызметкер (1,4 млн теңге) және өнімді әзірлеу жөніндегі жобалар жетекшісі (1,3 млн теңге) лауазымдарына үміткерлер сұрады.
Осылайша, электрондық еңбек биржасының мәліметтері бойынша, наурыз айында бос жұмыс орындары мен түйіндемелер санының азаюы байқалды, бұл ретте сұраныс пен еңбек ұсынысы арасындағы алшақтық артты.