Қазақстанда пойыздың астыңғы орындары үстіңгіден 20 пайыз қымбат болады
Қазақстан темір жолы ұлттық тасымалдаушы компаниясы коммерциялық пойыздардың үстінгі орындарына 20% жеңілдік енгізуде. Бұл туралы ҚТЖ-ның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізіледі.
Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайды. Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
Сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады:
1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;
2. № 51/52 «Алматы – Орал»;
3. № 105/106 «Алматы-Петропавл»;
4. № 71/72 «Астана-Шымкент»;
5. № 29/30 «Алматы-Атырау»