Госорганы

Қазақстанда пойыз билеттерін сату ережелері өзгерді: Кімдерге басымдық берілді

22 сәуірден бастап Қазақстанда теміржол билеттерін сату бойынша жаңа ережелер күшіне енеді. Билеттерді сату мерзімі, рәсімдеу тәртібі және мүгедектігі бар жолаушылар үшін шарттар өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа ережелерге сәйкес жолаушылар пойыздарына билеттерді пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын және жөнелтуге 10 минут қалғанда дейін сатып алуға болады. Бұрын билет сату пойыз кеткенге дейін бір тәулікте тоқтатылатын.

Қала маңына қатынайтын пойыздарға билеттерді 10 тәуліктен бастап, жөнелтуге 10 минут қалғанда дейін сатып алуға болады (бұрын – 1 тәулікке дейін ғана еді). Мүгедектігі бар жолаушыларға арналған арнайы купелерге өзгерістер енгізілді.

Бұрын барлық мүгедектігі бар жолаушы алғашқы күннен бастап арнайы купелерге билет рәсімдей алса, енді басымдық мына санаттарға ғана беріледі:

  • қозғалыста қиындықтары бар, І топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  • шұғыл медициналық көрсеткіштері бойынша жол жүретін адамдар мен оларды ертіп жүрген тұлғалар.

Бұл санаттағы жолаушылар билеттер сатылымға шыққан сәттен бастап арнайы купелерге билет рәсімдей алады, бірақ тек кассалар арқылы. Ал басқа санаттағы мүгедектігі бар жолаушыларға арнайы купелерге қолжетімділік жөнелтуге жеті тәулік қалғанда ғана беріледі.

Аумақтық пойыздарға билеттерді кассаларда, агенттіктерде, терминалдарда немесе интернет арқылы рәсімдегенде, енді міндетті түрде жолаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, жеке куәлік нөмірі көрсетілуге тиіс. Бұған дейін бұл талаптар нақты көрсетілмеген еді.

Еске салайық, бұған дейін елімізде 1 наурыздан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20% көтерілетіні айтылған еді. Жол жүру тарифінің шекті деңгейінің өзгеруі жоспарлы индекстеу аясында, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес 7% мөлшерінде жүргізіледі

Другие новости

Back to top button