Образование

Қазақстанда орыс тілді балабақшалар жабыла ма – Оқу-ағарту министрі жауап берді

Ғани Бейсембаев 6 маусымда Үкіметтің кулуарында барлық мемлекеттік балабақшаларды қазақшаландыру туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, бүгінде мемлекеттік балабақшалардың көпшілігі қазақ тілінде.

«Біз қазір талдау жүргізіп жатырмыз, бұдан әрі егжей-тегжейлі ақпаратын береміз. Бірақ орыс тілді балабақшаларды жабу мәселесі ешқашан болмайды. Біз тек мемлекеттік тілді оқытуды күшейтеміз», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Оның мәліметінше, бүгінде 11 мыңнан астам балабақша бар, олардың жартысы мемлекеттік балабақша.

«Біз қазақ тілінде оқытатын балабақшалардың қажеттілігі мен сұранысын көріп отырмыз. Сондықтан бүкіл мемлекеттік балабақшаларды мемлекеттік тілде жүргізу мәселесін толыққанды іске асыруға болады деп есептейміз. Балабақшаларды тек мемлекеттік тілде ұйымдастыруда мәселелер болмайды. Тәрбиешілер де, сұраныс та бар. Бұл мемлекеттік тілде балабақшалар ашудың табиғи процесі», — деді Бейсембаев.

Другие новости

Back to top button