Недра Казахстана
Қазақстанда мұнай өндірісі төмендеді
Қазақстанда сәуір айында мұнай өндіру көлемі 2,3%-ға төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қазақстанда мұнай өндіру 2023 жылдың сәуірінде 2023 жылдың наурызымен салыстырғанда 2,3%-ға төмендеп, 6,6 млн тоннаны құрады», — делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Статистикаға сәйкес, 2023 жылғы сәуірде табиғи газ өндіру көлемі 2023 жылғы наурызға қарағанда 5,5%-ға төмендеген, ал көмір өндірісі 7,9%-ға азайған.