Ақша

Қазақстанда міндетті зейнетақы жарнасының көлемі өсті

Қазақстанда жұмыс берушінің қызметкер үшін салатын міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап жаңа әлеуметтік кодекске сәйкес, жұмыс берушілер қызметкерлері үшін оның жалақысының белгілі бір пайызына тең мөлшерін өз қалтасынан зейнетақы қорына аударуға міндеттелген еді. Жыл сайын ЖМЗЖ мөлшері кезең-кезеңімен өсіп отырады (2024 жылы 1,5%, 2025 жылы 2,5%, 2026 жылы 3,5%, 2027 жылы 4,5%) және 2028 жылы 5% жетеді. Жұмыс берушілер зейнет жасындағы, 1-ші және 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар, әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған адамдар үшін бұл жарнаны төлемейді.

«Қызметкерлердің жеке зейнетақы шоттарына түсетін МЗЖ-дан тағы бір ерекшелігі, ЖМЗЖ шартты зейнетақы шоттарына есептеледі және қызметкерлердің меншігі болып саналмайды. Тиісінше, ЖМЗЖ есебінен қалыптасқан жинақтарды қызметкерлер мұраға қалдыра алмайды. ЖМЗЖ зейнетақыны ортақ (таратушы) қағидаты бойынша төлеуге арналған. Сондықтан, Қазақстан азаматтығынан айырылған немесе қайтыс болған адамдар үшін төленіп келген ЖМЗЖ қалған қатысушылар арасында бөлініп, өмір бойы төленеді», — деп хабарлайды БЖЗҚ.

Другие новости

Back to top button