Госорганы
Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға бюджеттен 1, 69 миллиард теңге бөлінбек

2024-2025 жылдарға арналған бюджеттен мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға 1, 69 млрд теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.
9 қаңтарда ұсынылған бюджеттік бағдарлама жобасында шығыстар жиыны 2024 жылға – 844 313 теңге, 2025 жылға – 848 310 теңге болатыны айтылған.
Айта кетейік, 2022 жылға 693 172 000теңге, 2023 жылға 766 050 000 теңге сұралған.
«Шығыс Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі тіл саясаты комитетінің міндетін іске асыруға арналған», – делінген құжатта.
Жобада қазақстандықтардың мемлекеттік тілі мен лингвистикалық капиталын дамыту туралы баса айтылған.