Образование

Қазақстанда колледж түлектері үшін университетте оқу мерзімі қысқартылады

Елімізде колледжде оқыған жастар енді жоғары оқу орнының дипломын бұрынғыдан ерте алып, жұмысқа орналаса алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында колледж түлектері үшін универсиетте оқу ұзақтығын қысқартуды жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Министр ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес, университеттер мен колледждердің білім беру бағдарламаларын үйлестіруге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Бұл ретте ҰБТ жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне грант тағайындайтын механизмге айналмақ. Саясат Нұрбек оқыту нәтижелерін арттыратын үйлестірілген білім беру бағдарламалары колледж түлектеріне жоғары білім алу үшін оқуын екі жылға жеделдетілген қарқынмен жалғастыруға және жоғары біліммен еңбек нарығына шығуға мүмкіндік беретінін айтты.

“Мұндай икемді тәсіл еңбек нарығына шығудың баламалы әдістерін жасай отырып, жастардың мансап жолын жүйелейді. Ғылым және жоғары білім министрлігі колледждер мен университет түлектері үшін оқу нәтижелерін нақты бөлуді қарастыратын инженерлік білім беру моделін әзірлеп жатыр”, – деді Саясат Нұрбек.

Қазір колледж бітірген студенттер жоғары оқу орындарында 3-4 жыл оқиды.

Другие новости

Back to top button