Госорганы

Қазақстанда көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат берілуі мүмкін

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, әлі нақты шешім жоқ,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қожаев не дейді?

Сенат кулуарында журналистер Қожаевтан “көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат беріле ме?” деп сұраған.

– Иә, тонировкаға рұқсат беру мәселесі бұрыннан бері көтеріліп келеді. Қазір ІІМ оған салынған тыйым тарихын зерттеп жатыр. Мәселені депутаттар да көтерген, – дейді ол.

Қожаев кеден одағының регламентінде тоноровка мәселесі жазылғанын, оған шектеу жүргізуші, жолаушыны тануға кедергі келтіргені үшін қойылғанын айтады.

– Бұл қаншалықты мүмкін? Әлде қаншалықты зиян? Зерттелу үстінде. Жақын арада біз сарапшылық қорытындымызды береміз, – дейді ол.

Тонировкаға тыйым

Қазақстанда 2010 жылы автокөліктің алдыңғы әйнектерін бояп, тонировка жапсыруға тыйым салынған. Қазір тонировканы алдыңғы әйнекке заңсыз жапсырып алғандар әкімшілік кодекстің 461-бабы 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

Другие новости

Back to top button