Культура

Қазақстанда кино билеттері ТМД бойынша ең қымбат болып шықты

Қазақстан ТМД елдері арасында кино билеттерінің бағасы ең жоғары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Елімізде билеттің орташа құны – шамамен 6 доллар, яғни 2,5 мың теңге. Сонымен қатар бір жыл ішінде кинотеатрлар қызметі 14%-ға қымбаттады. Ең көп өсім Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалады. Ал Түркістандағы ең қымбат кинотеатр қызметі – 2700 теңге. Қарағандыда 1400 теңге.

Еліміз кино қызметінің құны бойынша әлемде 31-орында. Ресей, Өзбекстан және Әзірбайжанда салыстырмалы түрде билет әлдеқайда арзан. Ең төмен бағалар Иран мен Шри-Ланкада. Ең жоғарылары Швейцарияда, Данияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде.

Другие новости

Back to top button