Госорганы

Қазақстанда киік саны 1,9 млн-нан асты

Биыл киіктердің үш популяция саны 597 мың басқа артты

Қазақстандағы киік саны 1,9 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлағандай, биылғы әуе санағы деректеріне сәйкес киіктердің үш популяция саны 597 мың басқа, яғни 45,3%-ға артты.

«Оның ішінде ең көбі – Орал популяциясының саны 1,13 млн, Бетпақдала – 745 300, Үстірт-39 700 бас болып отыр», — дейді экологтар.

Естеріңізге сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді.

Аталған жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.

Другие новости

Back to top button