Главное

Қазақстанда келесі айдан бастап бензин қымбаттайды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СӘТҚАЛИЕВ НЕ ДЕЙДІ

Министрдің айтуынша, мұнай өнімдерінің бағасы бойынша президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойған. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру керек деген шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар.

Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шаралары Үкіметтің қолында қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтің маңыздағы тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды, – деді ол.

Сәтқалиевтің сөзінше, министр жанар-жағармай мен сұйытылған газдың бағасы ақпан айынан бастап өсіруді жоспарлап отыр. Тауарлық газдың бағасы биыл жазға қарай біртіндеп өседі дейді ол.

ГАЗ БАҒАСЫ

Сәтқалиев сұйытылған газдың бағасы 98 теңгеден ары қымбаттамайды деген мәлімет келтірді. Былтыр баға диапазонын 54-55 теңге болса, 59-90 теңге арасында болады. “Ол енді өңірлерге байланысты.  Ең жоғарғы диапазон өңірлерде 64 теңгеден 98 теңгеге дейін  болады деп отырмыз” дейді министр.

Другие новости

Back to top button