Главное

Қазақстанда келер оқу жылында 206 мың оқушы орны ашылады

Президенттің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында елімізде жаңа форматтағы мектептер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Келешек мектебі» деген не?

Жаңа мектептер бұрынғы типтік білім ошақтарынан бірнеше ерекшелігімен айрықшаланады:

  • Пайдалану алаңы 15-20% үлкен;
  • Техникалық жабдықталуы – 4 есе жоғары;
  • Заманауи білім беру ортасын қамтитын кеңістік.

Әр мектепте қарастырылған:

  • Робототехника кабинеттері;
  • STEM-зертханалар;
  • Коворкинг аймақтары, хореография залдары;
  • Бір мектепте 4 спорт залына дейін қарастырылуы мүмкін.

2024 жылы не атқарылды?

  • 2024 жылы – 105 жаңа форматтағы мектеп пайдалануға берілді.
  • 2025 жылдың соңына дейін – тағы 112 мектеп ашылады деп жоспарланған.

Осылайша, 2025–2026 оқу жылында елімізде қосымша 206 000 оқушы орны қолжетімді болады.

Жобаның жалпы көрсеткіші

2026 жылға дейін:

  • Барлығы 217 мектеп салынады;
  • Жалпы сыйымдылығы – 460 мың оқушы орны.

Другие новости

Back to top button